Ақмолалық екі полицей жүрек талмасына ұшыраған жүргізушінің өміріне араша түсті

530

28 сәуірде Степногорск қаласында патрульдік полиция ротасының 2 взводының қызметкерлері жүрек талмасына ұшыраған жеңіл автокөлік жүргізушісіне уақытылы көмек көрсетті.  

Ақмолалық екі полицей жүрек талмасына ұшыраған жүргізушінің өміріне араша түсті Фото: ҚР ІІМ

Аға лейтенант Нұрсұлтан Алатаев пен лейтенант Юрий Ивановтың құрамындағы экипаж патрульдеу кезінде тұраққа дұрыс қойылмаған автокөлікті байқайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қырағы инспекторлар жүргізушіні тексеруге бел буып, көлікке қарай асығады. Есігі ашық көлікте ес-түссіз жатқан адамды көріп, полиция қызметкерлері жедел жәрдем шақырды. 

Дәрігерлердің айтуынша, ер адам жүрек ұсталмасына ұшырады, уақытында көрсетілген медициналық көмектің арқасында оны құтқару мүмкін болды. Қазіргі уақытта ақмолалық медицина қызметкерлерінің бақылауында, ал патрульшілер қызмет атқаруды жалғастырды.

Инспекторлардың айтуынша, ауысым кезінде мұндай жағдайлар жиі кездеседі және осындай жағдайды кез-келген полиция қызметкері кездестірген. Көбінесе полиция қызметкерлері денсаулығының күрт нашарлауын сезінген жүргізушілердің жанынан лезде табылады және оның өмірі тәртіп сақшыларының жедел реакциясы мен кәсібилігіне байланысты.

Полицейлер денсаулығына байланысты проблемалары бар азаматтардан рульге абайлап отыруды, өз өміріне және қозғалыстың басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндірмеуін сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу