Ақмолалық диқандар вагон тапшылығынан бидайды экспортқа шығара алмай отыр

628

Өнімді шетелге жеткізуге қажетті вагондар жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақмолалық диқандар вагон тапшылығынан бидайды экспортқа шығара алмай отыр Фото: egemen.kz

Қазір Атбасардағы екі ірі элеваторда 27 мың тонна бидай далада жатыр. Астық сақтайтын орын тапшы. Өнімді тасымалдауға өтініш ерте берілгенімен, вагондар кеш жеткізілген. Диқандар "мәселе жуық арада шешілмесе, сатып алушыларымыздан айырылып, шығынға батамыз" деп алаңдап отыр.

"Бізде 15 мың тонна бидай далада жатыр. Жаңбыр, қар жауып тұр. Элеваторта орын жоқ. Диқандардан бидай қабылдай алмай отырмыз. Вагон мәселесін ертерек, айдың басында шешу керек еді. Мүлдем кеш беріле бастады. Оның өзінде аз. Вагон тапшы", – дейді "Нан абыройы" серіктестігінің директоры Әбдірахман Сарбасов.

Астық тасымалдауға жауапты "Астық Транс" компаниясы өкілдерінің айтуынша, биыл 22 миллон тонна бидай тасымалданбақ. Былтырмен салыстырғанда 17 млн тоннаға көп. Сондықтан өнімді 1-2 айда тасымалдап бітіру мүмкін емес. Кемі 6-7 ай керек көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу