Кәсіпкер 2025 жылы ауылдағы бос жатқан жерді абаттандырып, балаларға арналған ойын кешенін, әткеншектер мен ағаштан жасалған күрке орнатқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алайда кейін алаңда ойнап жүрген қыз бала сырғанақтан құлап, басынан абайсызда жарақат алған. Осы оқиғадан кейін баланың анасы кәсіпкерді сотқа берген. Жәбірленушінің сөзінше, сырғанақтың айналасында арнайы қауіпсіздік жабыны болмаған.
Бір жылға жуық қаралған істің қорытындысында сот талап-арызды қанағаттандырды. Кәсіпкерге зардап шеккен баланың отбасына материалдық және моральдық шығын үшін жалпы 1,25 миллион теңге өтемақы төлеу жөнінде шешім шығарды.
Осыдан кейін кәсіпкер ойын алаңын толықтай бұзып, оны басқа ауданға сыйға беріп жіберген.
Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, көпшілік кәсіпкерді қолдап, өтемақы сомасын жинап беруді ұсынды. Алайда ол қаржылай көмектен бас тартып, сот шешімін өз қаражатымен орындайтынын мәлімдеді.