Ақмолалық құтқарушылар жоғалған балықшыларды іздестіруде

397

Оқиға Ұзынкөл ауылдық округінің аумағындағы Баршын көлінің маңында болған. 

Ақмолалық құтқарушылар жоғалған балықшыларды іздестіруде

Ақмола облысы Астрахан ауданында құтқарушылар бес күн бойы балықшыларды іздеп жүр. Үш дос бірге көлдің жағасында балық аулап, жоғалып кетті, іздеу орындарында жағадан бір шақырым қашықтықта қамыс үстінде төңкерілген металл қайық табылды. 

Іздеу жұмыстары барысында 1981 және 1976 жылы туған екі ер адамның денесі табылды, 1978 жылы туған үшінші ер адамды іздеу жалғасуда, – деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу