Ақмолалық полицейлер сырт киімсіз аязда адасқан азаматты құтқарды

88

Оқиға Бұланды ауданында болды.   

Ақмолалық полицейлер сырт киімсіз аязда адасқан азаматты құтқарды Фото: polisia.kz

Түннің бір уақытында жергілікті дәмханалардың бірінен полицияның кезекші бөліміне қоңырау түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мерекелік кеште қонақтардың бірі сырт киімсіз, бір жейдемен далаға шығып кеткен. Сол сәтте далада қатты аяз болған. Уақыт жоғалтпай полиция қызметкерлері іздеу жариялап, Бұланды аудандық полиция бөлімінің жеке құрамын дабыл бойынша көтерді.

Іздеу жұмыстары бірнеше көше мен аулаларда қатар жүргізілді. Ауа температурасы –30 градустан төмен түсіп, ер адам ауа райына сай киінбегені полицейлерді қатты алаңдатты.

Көп ұзамай жоғалып кеткен азаматтың Щучье қаласының тұрғыны екені және мерекелік шараға келгені анықталады.

Алдын ала мәлімет бойынша, алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін ол адасып, белгісіз жаққа кетіп қалған. 2 сағатқа созылған қарқынды іздеу жұмыстары нәтижесінде ер адам аудан көшелерінің бірінен тоңып қалған әрі шок күйінде табылды.

Полицейлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақындарына жеткізді. Құтқарылған азамат кейін полиция қызметкерлеріне алғыс білдіріп, бейнеүндеу жазды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу