"Ақорда" резиденциясындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталады

1088

Биыл алғаш рет ғимараттың шатырына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Ақордадағы" жоспарлы жөндеу жұмыстары қыркүйекте аяқталады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ақорда" резиденциясындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталады

Президенттің іс басқармасының мәліметінше, биыл жазда аталған резиденцияның шатыры жоспарлы жөндеуден өтуде. 

"Жұмыстар мамырда басталып, қыркүйекте аяқталады. Жаз бойы тарихи ғимараттың эстетикалық келбетін бұзбау үшін нысанның сыртына құрылыс сатылары орнатылмай, оның орнына неғұрлым жұмсақ технология таңдалды. Жұмысшылар мен қажет материалдарды шатырға кедергісіз көтеру үшін жағалау жағындағы қабырғаның декоративті ернеуі алынып, құрылыс платформасы орнатылды", - деп жазылған хабарламада.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң декоративті элемент өз орнына қайта бекітіледі. Қазір ернеу сақтау қоймасында тұр. 

Айта кетейік, "Ақорда" резиденциясы 17 жыл бұрын салынған. Оның ресми ашылуы 2004 жылдың 24 желтоқсанында өткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу