Ақордада мұнай-газ саласының қызметкерлері марапатталды

146

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.  

Ақордада мұнай-газ саласының қызметкерлері марапатталды Фото: akorda.kz

Ақордада өткен салтанатты шарада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ саласының ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Сіздер адал еңбектеріңізбен мемлекетіміздің дамуына үлес қосып келесіздер. Мұнай-газ саласының қалыптасуы мен өркендеуіне бірнеше буын еңбек етті. Қазір салада 200 мыңнан астам адам жұмыс істейді, – деді Президент.

Президент әлемдік нарықтағы мұнай-газ саласының рөліне тоқталып, көмірсутегі Қазақстанның энергетикасында басты ресурс болып қала беретінін айтты.

Сонымен қатар, салада жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу қажеттігін атап өтті.

Геологиялық барлау жұмыстары күшейтіліп, жаңа кен орындары ашылуы тиіс. Білімді, жас кадрларды тарту, зерттеу орталықтарын дамыту арқылы сала бәсекеге қабілетті болуы қажет.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу