Ақпан айында электронды еңбек биржасында сұраныс 14%-ға азайған

609

Ұсыныс 28%-ға төмендеді. 

Ақпан айында электронды еңбек биржасында сұраныс 14%-ға азайған Фото: baq.kz

Қаңтар айына қарағанда жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер тарапынан белсенділіктің төмендеуі байқалып отыр. Ақпан айында электронды еңбек биржасында 75,4 мың бос жұмыс орны және 97,3 мың түйіндеме орналастырылды, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Ақпан айында жұмыс берушілер біліктілігі жоқ (11 мың бос жұмыс орны), білім беру (9,6 мың бос жұмыс орны) және медицина (7,1 мың бос жұмыс орны) салаларындағы қызметкерлер үшін ең көп бос жұмыс орнын ұсынды. Медицина саласындағы барлық бос жұмыс орнының 35%-ы орта медицина қызметкерлері (1,3 мың бос жұмыс орны) және жалпы бейіндегі санитарлар (1,1 мың бос жұмыс орны) үшін орналастырылған.

"Сұраныстың біліктілік құрылымында көш басында жоғары білікті кадрлар қалып отыр. Алайда оларға сұраныс 14%-ға төмендеді. Сондай-ақ ақпан айында біліктілігі жоқ еңбекке қатысты жұмыс берушілердің белсенділігі 28%-ға азайды. Бұл ретте біліктілігі жоқ жұмыс күшінде айтарлықтай теңгерімсіздік байқалды: ұсыныс сұраныстан 2,6 есе асып түсті. Осылайша 15,7 мың бос орынға 40,5 мың түйіндеме келді", - деді "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ Стратегия департаменті директорының орынбасары Ұлпан Шегенова.

Ақпаратқа сәйкес, өңірлік бөліністе бос орындар санының азаюы барлық аймақта байқалды. Ең көп төмендеу Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тіркелді.     Бұл үрдіс түйіндемеге қатысты да байқалды. Яғни, өтініш берушілер арасында ұсыныстар санының төмендеуі 18 өңірде тіркелген.

Кадрлардың ең жоғары сандық тапшылығы Қарағанды облысында, Астана қаласында және Павлодар облысында байқалған.

Өткен айда ең көп сұранысқа ие мамандықтар қатарында медбикелер/мейіргерлер, көлік жүргізушілері, күзетшілер мен есепшілер бар. Ал, жұмыс орны үшін жоғары бәсекелестік мал өсірушілер, заңгерлер және сатушылар арасында байқалған.

Министрліктің мәліметінше, ақпан айында жұмыс іздеушілердің арасында әйелдердің үлесі көп (54%).

Жас ерекшеліктеріне келсек, 16-35 жас аралығындағы жастар жұмыс іздеуде белсенділік танытты (52%). 36-45 жас аралығындағы адамдар үлесі – 22%, ал зейнет жасына дейінгі адамдар үлесі – 10%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу