Ақпанда "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да жүк тасымалы он пайызға өсті

816

Ақпанда "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да жүк тасымалы он пайызға өсті

Ақпан айында "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның барлық теміржол бойында жүк тиеу көлемі 101,4% -ға орындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Астық тиеу көлемі 1 миллион тоннадан асты. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 68% жоғары көрсеткіш. 320 мың тонна ұн өнімдері тиелді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 29% жоғары. Ақпанда құрылыс заттарын тасымалдау миллион тоннадан асты. Бұл өткен жылғы ақпанға қарағанда 55,6% артық.
Ақпанда жүк тиеу көлемі 10,5% артқандығы байқалды.
Жүк айналымын пайдалану көрсеткіші өткен айда 5,4% өсті. 2017 жылмен салыстырғанда 13,3% артық шықты.
Биылғы жыл басынан бері жүк айналымын пайдалану 34,1 млрд тонно-километр нетто болып, 107% құрады. Биылғы екі айда 38,9 млн тонна жүк тиелді. Жүк тиеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,6% өсті.
Жыл басынан бері Қазақтан аумағы арқылы 543 контейнерлік пойыз өтсе, олардың дені транзиттік бағдарға бағытталды. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 67% артты.
2018 жылы басымдық бағдар болып табылатын Қытай-Еуропа-Қытай бағытына контейнерлік тасымал екі есеге артып, 346 мың ЖФЭ контейнерді құрады.
Биылғы екі айда Қытай-Еуропа-Қытай бағдарындағы тәуліктік жылдамдық 1084 шақырымға жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу