Ақпанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 27 теңгені құрады

848

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы ақпанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,5%-ға жоғарылады.

Ақпанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 27 теңгені құрады

2019 жылғы ақпанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 27 111 теңгені құрады, деп хабарлады ҰЭМ статистика комитеті.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы ақпанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,5%-ға жоғарылады.

Ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 20,5%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаныңкі – 16,4%, жемістер мен көкөністердің – 8,4%, нан және жарма өнімдерінің үлесі – 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштердің үлесі 2,2% болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу