Ақпарат және байланыс саласында жұмыс істейтін компаниялар саны 15%-ға артты

782

Сектордағы мамандардың жалақысы 11%-ға өсті. 

Ақпарат және байланыс саласында жұмыс істейтін компаниялар саны 15%-ға артты

2020 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша ақпарат және байланыс саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалар саны 12,5 мыңға жуықтады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 7,9% жоғары, деп хабарлады finprom.kz. 

Олардың жарысынан көбі, яғни, 5,4 мыңы Алматы  (бір жылда 7,1% артты) мен Нұр-Сұлтанда (бір жылда 12% артты) шоғырланған.

Ал елдің басқа өңірлерінде олардың саны 115 (Солтүстік Қазақстан) және 578 (Қарағанды облысы) аралығында.

Секторда компаниялардың 72%-ы жұмыс істеп тұрған мекемелер. Бір жылда олардың саны 14,8%-ға өсіп,  2020 жылдың қазан айының соңында 9 мың заңды тұлғаға жетті. 
Олардың жартысынан көбі, яғни, 53,2%-ы немесе 4,8 мыңы белсенді жұмыс істейтін компаниялар. Ал сектордағы жаңа мекемелер саны 17,9%-ға артып, 1,7 мыңға жетті. Алайда уақытша жұмысын тоқтатқандары да 31,7%-ға көбейді.

2020 жылдың үшінші тоқсанында салада жұмыс істейтін мамандар саны 65,6 мың адамға жетті. Бұл өткен жылдан 2,5%-ға жоғары. 
Ал сектордағы орташа жалақы 10,9%-ға өсіп, 276,1 мың теңгені құрады. Жалпы еліміздегі орташа айлық 204,3 мың теңгені құрайды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу