Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

407

Александр Данилов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, inbusiness.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды Фото: primeminister.kz

"Үкімет қаулысымен Александр Данилов берілген өтінішіне сәйкес ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын қоғамдық секторда бастаған, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымының басшысы болған.

Сондай-ақ жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2020 жылғы шілдеден 2022 жылғы қаңтарға дейін Stopfake.kz жобасының жетекшісі болды.

2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу