Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректерді қорғау жөніндегі агенттік мәртебесіне ие болады

1149

Цифрлық құжаттар қағаз құжаттармен бірдей қолданылады.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректерді қорғау жөніндегі агенттік мәртебесіне ие болады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысы қол қойған жаңа технологиялар туралы заңның маңызын түсіндірді.

"Біріншіден, саланы одан әрі дамыту үшін маңызды "блокчейн", "зияткерлік робот" және т.б. ұғымдар заңнама деңгейінде бекітіледі. Екіншіден, мемлекеттік қызметтер көрсету, дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірқатар өзгерістер енгізу көзделген",– деп жазды Асқар Жұмағалиев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Заңға Қазақстанда цифрлық технологияларды одан әрі енгізу, қолдану аясын кеңейтуге бағытталған 240 түзету енгізілген.

Министр бұған дейін аталмыш заңның цифрлық құжаттардың қағаз құжаттармен бірдей қолдануына заңды күш беретіні жөнінде бұрын да айтылғанын еске салды.

"Заңға тәуелді актілер бекітілгеннен кейін цифрлық құжаттарды қағаз құжаттармен бірдей қолдана аласыз. Мемлекеттік қызметтерді биометриялық параметрлер және т.б. бойынша алу мүмкін болады",– дейді ол.

Сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғауға қатысты бірқатар түзетулер бар.

"Енді азаматтар өздерінің дербес деректерін өзге біреудің сұратқаны туралы міндетті түрде хабардар болады, ал Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректерді қорғау жөніндегі агенттік мәртебесіне ие болады",– деген жаңалықпен бөлісті министр.

"Квазимемсектордың кәсіпкерлік қызметпен айналысуын, жеке фирмалар жұмыс істейтін нарыққа араласуын заңды түрде шектейтін нормалар да маңызды деп санаймын, осылайша IT-саласында Yellow Pages Rules принциптерін толық сақтауды қамтамасыз етеді",– деп қосты министр.

Асқар Жұмағалиевтің айтуынша,  заңға тәуелді актілер бірнеше ай ішінде әзірленіп, бекітіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу