Күші жойылған 100 мыңнан астам визалар – былтырғы көрсеткіш, деп жазады inbusiness.kz сайты.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы визадан қағылғандардың саны екі есе аз болған. Шетелдіктер шабуыл жасау, мас күйінде көлік жүргізу, ұрлық және наразылық акцияларына қатысу сынды қылмыстар үшін ел аумағында болу мүмкіндігінен айырылды.
Арасында іскерлік немесе туристік визасының мерзімі өтіп, ауыстырмағандар да бар.
Депортациялау – Трамптың миграциялық саясатының бір бөлігі. Кейінгі кезде көші-қон тәртібі едәуір қатаңдап, 12 елдің азаматтары үшін елге кіруге тыйым салынды. Ал Ауғанстан, Гаити, Иран, Йемен сияқты 7 мемлекетке қосымша шектеулер енгізілді.
Сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік департаменті құрама штаттардың визасын алу үшін кепілдік жарна талап етілетін мемлекеттердің тізімін жариялады.
Жаңа ережелер 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап немесе одан ертерек күшіне енеді.