АҚШ 20 қаңтарда Украинаға жаңа қару жарақ жеткізілетінін жариялайды

489

АҚШ билігі жұма күні Украина үшін жаңа әскери көмек пакетін жариялауды жоспарлап отыр. 

АҚШ 20 қаңтарда Украинаға жаңа қару жарақ жеткізілетінін жариялайды Фото: img2.eadaily.com

Бұл туралы Bloomberg америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.

Агенттік сұхбаттасушыларының айтуынша, пакетке Stryker доңғалақты брондалған машиналар кіреді.

Жұма күні Германиядағы америкалық Рамштейн әуе күштері базасында Украина бойынша байланыс тобының кездесуі өтеді. Оған НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг, Пентагон басшысы Ллойд Остин, Батыс елдерінің Қорғаныс министрлері қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу