АҚШ 200 мыңға жуық шетелдіктің визасын жарамсыз етуі мүмкін

173

Бұған дейін 175 мың шетелдік виза жойылған еді.  

АҚШ 200 мыңға жуық шетелдіктің визасын жарамсыз етуі мүмкін Фото: mircare.com

Ақ үй әкімшілігі жұмыс бабымен және туристік мақсатта барғандардың құжатын қайта қарамақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2016 жылдан бастап берілген B1, B2 нұсқасындағы визалар жарамсыз болып қалуы кәдік. Алайда мұндай жағдайда шетелдіктер бірден депортацияланбайды, уақытша баспанаға өтініш бере алады. Дегенмен іскерлік немесе саяхатшылыққа қатысты статусын жоғалтады.

Бұған дейін де 175 мың шетелдік виза жойылған еді. Олардың көбіне қылмыстық іске қатысы бар деген себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу