АҚШ 3 ай бойы импорт салығын алмайды

1064

Бұл шешім шетелден тауар тасымалдаумен айналысатын америкалық компаниялардың өтініш негізінде қабылданған.

АҚШ 3 ай бойы импорт салығын алмайды

АҚШ кеденшілері сырттан келетін тауарлар  үшін төленуі тиіс баж салығын 90 күнге дейін алмайтын болды, деп хабарлайды Atameken Business.

Бірақ тізімге Қытай  импорты кірмеген. Сонымен қатар, алюминий мен болат сияқты металдар және одан жасалатын өнімдерге де мұндай жеңілдік қарастырылмаған.

3 айға төлемнен босатылған тауарлар қатарында киім-кешек, жүк көлігі сияқты дүниелер бар. Олардан алынатын төлем 27-60 пайыз аралығында болатын.

"Блумберг" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім шетелден тауар тасымалдаумен айналысатын америкалық компаниялардың өтініш негізінде қабылданған.

Бастапқыда баж салығынан босатылған тауар тізімі ұзақ болған. Кейін талқылау барысында Ақ үй әкімшілігі оны барынша қысқартыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу