АҚШ 3 қазақстандықты "ең қауіпті қылмыскерлер" қатарына қосты

368

Тізімге енгендердің басым бөлігі – Латын Америкасы елдерінің азаматтары.

АҚШ 3 қазақстандықты "ең қауіпті қылмыскерлер" қатарына қосты Фото: dhs.gov

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі жариялаған "қауіпті қылмыскерлер" тізімінде Қазақстанның 3 азаматы бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Посткеңестік елдерден шыққан мигрант-қылмыскерлердің анти-рейтингіне 27 украин, 18 ресейлік, 22 Армения азаматы, сондай-ақ Грузия мен Беларусьтің екі азаматы ілініп отыр.

Деректер базасында мыңдаған мексикандықтар да бар.

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі (Department of Homeland Security, DHS) – елдің қауіпсіздігіне жауап беретін федералдық ведомство. Ол шекараны бақылау, иммиграция, терроризммен және трансұлттық қылмыспен күрес мәселелерін қамтиды.

Министрлік құрамына АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (U.S. Immigration and Customs Enforcement, ICE) кіреді. ICE иммиграциялық заңнаманы бұзған шетел азаматтарын, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және депортациялаумен айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу