АҚШ 66 халықаралық ұйымнан шығады

512

Президент Дональд Трамп меморандумға қол қойды. 

АҚШ 66 халықаралық ұйымнан шығады Фото: Анадолы

Тиісті ақпарат Ақ үйдің X желісіндегі парақшасында пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Вашингтон шығатын ұйымдардың 31-і БҰҰ-ның құрылымына тиесілі болса, ал қалған 35-і одан тыс ұйымдарға жатады. Ақ үйдің хабарлауынша, бұл ұйымдар енді АҚШ мүддесіне қызмет етпейді.

Толық тізім Ақ үй сайтында жарияланды. Олардың ішінде жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына жол бермеуді көздейтін украин ғылыми-технологиялық орталығы, Венециан комиссиясы, БҰҰ Бас хатшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі кеңсесі, БҰҰ Демократия қоры және тағы басқа ұйымдар бар.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың сөзінше, бұл ұйымдардың шығыны көп әрі нашар басқарылады. Сондай-ақ, ол ұйымдарды қажетсіз немесе АҚШ-тың егемендігіне, жалпы дамуына қауіп төндіреді деп сипаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу