АҚШ Айда ядролық реактор орнатуға ниетті

110

Трамп жарлыққа қол қойды.

АҚШ Айда ядролық реактор орнатуға ниетті Фото: AP / NASA

АҚШ 2030 жылға қарай Айда ядролық реакторды орналастыруды жоспарлап отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2030 жылға қарай ғарышта АҚШ-тың тұрақты қатысуын қамтамасыз ету және Марсты зерттеудің келесі кезеңдеріне көшу үшін тұрақты ай базасының бастапқы элементтері құрылады. Болашақта ғарышта ядролық энергияны пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Айда және орбитада ядролық реакторларды орналастыру, оның ішінде 2030 жылға қарай ұшыруға дайын ай бетіне арналған ядролық реакторды іске қосу қажет", – делінген Ақ үй жариялаған жарлықта.

"Интерфакс" агенттігінің жазуынша, құжат Ұлттық ғарыш кеңесін таратуды және оның өкілеттіктерін Ғылыми-техникалық саясат басқармасына беруді көздейді. 2028 жылға дейін Трамптың "Алтын күмбез" жобасы аясында зымыранға қарсы қорғаныс технологиясын әзірлеу туралы айтылған. Сонымен қатар жарлықта Жер орбитасы мен Ай маңындағы кеңістіктен АҚШ-қа төнетін қауіптерді анықтау және бақылау мүмкіндіктері де қамтылған.

Дональд Трамп қол қойған жарлық бойынша Вашингтон 2028 жылға дейін елдің ғарыш саласына 50 миллиард доллар қосымша инвестиция бағыттамақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу