АҚШ алдағы жылдары Ресейге салған санкцияларды жұмсартады

883

АҚШ алдағы жылдары Ресейге салған санкцияларды жұмсартады

АҚШ алдағы жылдары Ресейге қарсы санкцияларды жұмсартады, деп санайды Bloomberg сауал жолдағандардың 55%-ы. Бұл осы жылдың қазанында жүргізілген дәл осындай зерттеу көрсеткішінен 10%-ға жоғары, деп жазып отыр РБК.

Сарапшылардың мәліметі бойынша, санкциялар алынып тасталған жағдайда Ресейдің ЖІӨ 2017 жылы 0,2 пайызға және  2018 жылы 0,5 пайызға артатын болады.

"АҚШ, оның ізін ала Еуроодақтың санкцияларды жұмсарта қоятындығын әзірге айту қиын, дегенмен шектеулерді жұмсарту немесе оларға мәжбүрлеуді азайту туралы қаулы бар", – дейді 4Cast-RGE компаниясының дамушы нарықтар бөлімінің жетекшісі Рейчел Земба.

Bloomberg сауал жолдаған экономистердің 40%-ы егер Вашингтон шешім қабылдайтын болса, онда Еуропалық одақ та санкцияларды жұмсартады деп санайды. Бұл өзгеріс келер жылы орын ала бастайтынын да атап өтті.

"Егер АҚШ санкцияларды жұмсартатын болса, онда ЕО мүшелері қазіргі шектеулерді сақтап қалу жөнінде ортақ консенсусқа қол жеткізе алмауы мүмкін", – деп санайды IHS Markit экономисі Чарльз Мувит.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу