АҚШ алпауыт 2 елдің компанияларын да, жеке тұлғаларын да аямады

Санкция салу туралы ақпаратты елдің Қаржы министрлігі мәлімдеді.  

АҚШ алпауыт 2 елдің компанияларын да, жеке тұлғаларын да аямады Фото: Economist.kg

АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Иран мен Қытайда орналасқан алты ұйым мен алты жеке тұлғаны санкциялар тізіміне қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Бұл жағдайға Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы (ИРГК) атынан Қытайдан Иранға баллистикалық зымыран отынының компоненттерін сатып алу себеп болған.

Ирандық Saman Tejarat Barman Trading Company (STB) және қытайлық Shenzhen Amor Logistics Co Ltd, Dongying Weiaien Chemical Co Ltd, Yanling Chuanxing Chemical Plant General Partnership, China Chlorate Tech Co Limited және Yanling Lingfeng Chlorate Co Ltd фирмалары АҚШ санкцияларынан зардап шегіп отыр.

Сонымен қатар, бірқатар тұлға: Абед Заргар Баб Алдашти, Хамед Заргар Баб Алдашти, Захра Заргар Баб Алдашти, Фоуф Модаррес Фатхи (ЕДБ төрағасының орынбасары және директорлар кеңесінің мүшесі), Аббас Поур Каземи (ЕДБ бас инспекторы) және Мохаммад Асгариға (ЕДБ серіктесі) да санкция салынған. Олардың Америка Құрама Штаттарындағы немесе АҚШ бақылауындағы барлық мүлкі мен меншігіндегі мүддесі бұғатталған, Әрі олар OFAC-қа хабарлануы да керек. OFAC ешкімді аямай тұр. Бір немесе бірнеше тұлғаға тікелей немесе жанама, жеке немесе жиынтықта 50% немесе одан да көп иелік ететін кез келген ұйым да бұғатталып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу