АҚШ аралық сайлау: Республикалық партия алда келе жатыр

854

Америкада алғашқы сайлау учаскелері жабылып, алдын-ала нәтижелер бойынша республикашылдар басым келеді. 

АҚШ аралық сайлау: Республикалық партия алда келе жатыр Фото: BBC.com

АҚШ-тың біршама Штаттары аралық сайлауда дауыс беруді аяқтады, оның барысында американдықтар барлық Штаттардағы өкілдер палатасын, Сенаттың үштен бірін, заң шығарушы органдар мен губернаторларды толығымен қайта сайлайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сайлауға дейін Демократтар партиясы әзірге аз да болса да Конгресстің қос палатасында да басымдыққа ие болған.

Өкілдер палатасындағы 435 орынның 220-сы демократтарға тиесілі болса, республикашылдар 212 орынға ие еді. Демек республикашылдар палатада басымдылыққа ие болу үшін сайлауда 218 орынды иемденуі қажет. Сонымен соңғы Астана уақытымен 10:00-дегі алдын-ала нәтижелер қорытындысы бойынша республикашылдар үлкен айырмашылықпен алда келе жатыр.

Қазірдің өзінде сайлаудағы 435 орынның 203-і тағайындалды, нәтижесінде республикашылдар қосымша 3 орынды ұтып, 126 орынды иемденсе, демократтар өздеріне тиесілі болған 4 орыннан айырылып, бар болғаны 77 орынды тұтты.

Сенатқа келетін болсақ, алдын ала сауалнамалар демократтар мен республикашылдардың күші бірдей болатынын көрсеткен еді. Алдын ала сайлау нәтижелері де соған шамалас деңгейде. Сонымен сайлауға салынған 35 орынның 21-і тағайындалып үлгерген. Сенаттағы билікке жеткізетін 51 орынның кімге бұйырарын алдын-ала болжау тіптен мүмкін емес, себебі республикашылдар мұнда  бар болғаны 2 орын айырмашылығымен алда келеді. 43 орын Республика партиясында, 41 орын демократтарға тиесілі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу