АҚШ әскери ұшақтары Гренландияға аттанады

128

 Бұл туралы Gulf News басылымы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

АҚШ әскери ұшақтары Гренландияға аттанады Фото: Российская газета

Солтүстік Америка аэроғарыш қорғанысы қолбасшылығына (NORAD) тиесілі әскери ұшақтар жақын күндері Гренландия аумағындағы АҚШ әскери базасына ұшады.

Ұшақтар континенттік АҚШ пен Канададағы базалардан Питуффик ғарыш күштері базасына бағыт алады. NORAD мәлімдемесіне сәйкес, бұл сапарлар алдын ала ұзақ уақыт бойы жоспарланған іс-шаралар аясында жүзеге асады.

Қолбасшылық өкілдері аталған шаралар Дания тарапымен келісілгенін және Гренландия билігіне алдын ала хабар берілгенін атап өтті.

– Бұл іс-шаралар АҚШ пен Канада, сондай-ақ Дания Корольдігі арасындағы берік қорғаныс әріптестігі аясында жүргізіледі, – делінген NORAD таратқан хабарламада.

Сонымен қатар бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Гренландияны "қандай да бір жолмен" бақылауға алу жөніндегі мәлімдемелері Вашингтонның трансатлантикалық одақтастары арасында алаңдаушылық тудырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу