АҚШ әскері жасаған әуе шабуылынан 30 бейбіт тұрғын мерт болды

1705

Америкалықтар Талибан және ДАИШ содырларына қарсы соққы жасаған едік деп ақталуда.

АҚШ әскері жасаған әуе шабуылынан 30 бейбіт тұрғын мерт болды

Ауғанстанның шығысындағы Нангархан провинциясына АҚШ әскері жасаған шабуыл салдарынан 30-ға жуық бейбіт тұрғын жан тапсырды. 40-тан аса адам ауыр жарақат алған. 

Бүгінде Ауғанстанда АҚШ-тың 14 мың әскери азаматы  бар. Олар жергілікті қауіпсіздік күштерімен тәжірибе бөлісіп, оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, лаңкестерге қарсы операцияларға қатысады.

"Жаңғақ теруге шамамен 250 адам шықтық. Оның тек 50-і ғана аман қалды. 21 адамның мәйітін шығардық. Жараланған 15 кісінің ауруханаға жеткізілгенін білемін. Қалғандарынан хабарым жоқ",– дейді аман қалғандардың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу