АҚШ Ауғанстан билігімен диалогты жалғастыратынын мәлімдеді

361

Ауғанстан бойынша Дохадаға келіссөздер аяқталды. 

АҚШ Ауғанстан билігімен диалогты жалғастыратынын мәлімдеді Фото: EADaily

АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Томас Уэст Ауғанстанды бақылайтын Талибанмен (ҚР аумағында тыйым салынған ұйым) келіссөздерді жалғастыру қажеттігін мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

Бір күн бұрын Дохада аяқталған келіссөздердің қорытындысы бойынша, Уэст әлеуметтік желілерде Талибанның жоғары лауазымды өкілдерімен екі күндік кездесулер барысында "Ауғанстанның негізгі мүдделері" талқыланғанын хабарлады.

"Біз елдегі экономикалық жағдайды, адам құқықтарын, гуманитарлық қажеттіліктерді, қауіпсіздік міндеттемелерін, инклюзивтілікті және есірткіге қарсы күрес мәселелерін талқыладық", — деді АҚШ арнайы өкілі.

"Диалог екі жақты, егжей-тегжейлі әрі ашық болды. Нәтижесінде ауған халқының мүдделерін қорғау үшін оны одан әрі қолдау керек деген қорытындыға келдік", - деп атап өтті америкалық дипломат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу