"АҚШ азаматымын": Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты

408

Оқиға "Райымбек" пен "Абай" станцияларының арасында метро вагонында болған.

"АҚШ азаматымын": Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты Фото: Бейнежазбадан

Алматы метросында бойжеткен мен жас жігіт арасында жанжал пайда болып, бұл іске соңында полиция араласты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Даулы жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Онда бойжеткеннің АҚШ азаматы екенін айтқан сәтін, ал жас жігіттің жұдырық ала жүгіріп, тұра ұмтылмақ болғанын байқауға болады.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға "Райымбек" пен "Абай" станцияларының арасында метро вагонында болған. Тәртіп сақшылары екеуін де жауапқа тартты.

"Аталған факті бойынша екі азаматқа да ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік материалдар жинақталды. Сот шешімімен әйелге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынса, ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", – делінген ПД хабарламасында.

Полиция тұрғындарды қоғамдық орындарда өзін әдепті ұстауға және өзгелерді құрметтеуге әрі дау-жанжал туғызбауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу