АҚШ барлау қызметі Тәжікстанда теракті болу мүмкіндігін ескертті

999

АҚШ барлау қызметі Тәжікстанда теракті болу мүмкіндігін ескертті

Душанбедегі АҚШ елшілігі Тәжікстандағы америкалықтарға теракті болу мүмкіндігін ескертіп, қоғамдық көліктерде жүруден бас тартып, өте абай болуға шақырды, деп жазады baq.kz.

Centralasian.org-тың хабарлауынша, мұндай ескерту 9 қарашада АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігінің ресми сайтында пайда болды. Хабарламада елшілік алған ақпараттарға сәйкес, террористік топтар адам көп шоғырланған жерлерде шабуылдар жасап, Ауғанстан шекарасынан өтуді мақсат етіп отыр делінген.

Елшілік бұл ескертудің тек Тәжікстанға ғана қатысы бар екенін еске салған.

Елшілік сонымен бірге Тәжікстанда тұратын америкалық азаматтарға Ауғанстанмен шектесетін аймақтарда кешкі уақытта жүрмеуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу