АҚШ баскетболшысы Бритни Грайнердің орнына Ресейге кім келді?

499

Виктор Бутпен мінген ұшақ Внуково-2 әуежайына келді. 

АҚШ баскетболшысы Бритни Грайнердің орнына Ресейге кім келді? Фото: img3.eadaily.com

АҚШ баскетболшысы Бритни Грайнерге айырбасталған ресейлік Виктор Бут мінген ұшақ Внуково-2 әуежайына қонды. Бұл туралы авиациялық қызметтер ТАСС-қа бейсенбіде хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Арнайы борт қонды. Қажетті рәсімдерден өткеннен кейін Виктор Бут әуежай аумағынан кете алады", - деді агенттіктің сұхбатшысы.

Бұған дейін АҚШ-та қару-жарақ саудасымен айналысты деген айыппен түрмеде отырған Бут АҚШ-пен келісім нәтижесінде Ресей Федерациясында есірткі контрабандасы үшін сотталған Грайнерге айырбасталғаны туралы хабарланған болатын.

Бутты 2008 жылы Бангкокта АҚШ-тың өтініші бойынша жергілікті сот берген ордер негізінде ұстады. Ресейлік Вашингтон террористік ұйым деп санайтын "Колумбияның Революциялық қарулы күштері" көтерілісшілер тобына заңсыз қару-жарақ жеткізді деп айыпталды. Екі жылдан кейін Бут АҚШ-қа экстрадицияланды,2012 жылдың сәуірінде ол 25 жылға бас бостандығынан айырылды және 15 миллион доллар ақшалай айыппұл төледі.

Грайнер Ресей Федерациясына Шереметьево арқылы есірткіні заңсыз әкелуге тырысқаны үшін қамауға алынды. Сот оны тоғыз жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу