АҚШ билігі елде індеттің жаңа толқыны басталғанын жариялады

936

Алыс құрлықтағы алпауыт елде коронавирустық инфекциясын жұқтыру көрсеткіші күннен күнге көбейіп бара жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы коронавирустың таралуын тежеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметіне сілтеме жасап. 

АҚШ билігі елде індеттің жаңа толқыны басталғанын жариялады

АҚШ билігі індеттің жаңа толқынын "дельта" штаммының таралуымен байланыстырып отыр. Анықталған жағдайлардың тәуліктік саны 130 мыңнан асты.

Өткен аптадағы індетке шалдығушылардың саны 900 мыңнан асады. Сонымен қатар, ауруханаға жатқызылған балалар саны да өскен. Осыған орай, Ақ үй қайталама вакцина алу мерзімін белгіледі. "Бустерлік" инъекцияны 8 айдан кейін алуға болады.
Балкан Косово Республикасы барлардың жұмыс уақытын шектеп, түнгі клубтардың жұмысына тыйым салды. 20 тамыздан 1 қыркүйекке дейін мейрамханалар мен кафелер сағат 22:30-да жабылады. Келушілерді тек вакцинация сертификаты ұсынылған кезде қабылдай алады. Той қонақтарының ең көп саны 300-ден 150 адамға дейін шектелген. Бұрын мұндай шаралар Солтүстік Македонияда енгізілген болатын.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу