АҚШ босқындарға 3 млрд доллар бөлді

561

Биыл америкалықтар небәрі 50 мың адамға орын тауып берген. Келесі жылы 18 мыңын ғана қабылдайды.

АҚШ босқындарға 3 млрд доллар бөлді

АҚШ БҰҰ-ға босқындарға көмек ретінде 3 млрд доллар аударды, деп хабарлайды Atameken Business.

Босқындарды елге жолатпаудың барлық амалын қарастырған билік осылайша ақша беріп құтылғысы келеді. Биыл америкалықтар небәрі 50 мың адамға орын тауып берген. Келесі жылы 18 мыңын ғана қабылдайды.

Әлем бойынша көмекке мұқтаж 26 млн-ға жуық босқын бар. Германия жүздеген мың сириялықты қабылдап, 1,7 млрд еуро бөлген. Дүниежүзілік банк те қалыптасқан жағдайды ескере отырып, биыл босқындарға бөлетін қаржысын 10 пайызға көбейтті. Бірақ сонда да бұл мәселені шешуге жетпейді.

"АҚШ қосымша 3 млрд доллар бөлетін болды. Дүниежүзілік банк те басқа міндеттеріміз үшін 3 млрд доллар қарастырды. Жеке сектордан 250 млн түседі. Барлығы да онлайн жүйе арқылы бақыланады. Бірақ тағы бір мәселе бар. Бір ел босқындарды жақсы қабылдаса, енді бірі ақша беріп құтылады. Ауқатты елдерге де оларды жіберіп, жауапкершілігін күшейту керек", – дейді БҰҰ-ның босқындар ісіне жауапты бас комиссары Филиппо Гранди.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу