АҚШ БҰҰ, ЮНЕСКО және ДДСҰ сияқты ұйымдарға ақша бергісі келмейді

256

Бұл туралы Ақ үйдің 2026 қаржы жылына арналған федералды бюджет жобасында айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты ТАСС басылымына сілтеме жасап.

АҚШ БҰҰ, ЮНЕСКО және ДДСҰ сияқты ұйымдарға ақша бергісі келмейді Фото: ria.ru

Ақ үй әкімшілігі БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдарға ерікті жарналарды тоқтату есебінен 1,7 млрд доллар көлемінде шығындарды үнемдеуді көздеп отыр.

Бұл ұсынысты жүзеге асыру не асырмау жағын алда Дональд Трамп шешеді.

Сондай-ақ, 2,9 млрд доллар көлемінде арнайы "стратегиялық инвестициялар" қорын құру ұсынылады.

Құжатта БҰҰ шеңберіндегі кейбір "тиімсіз бітімгершілік миссияларын" қаржыландырудан бас тарту арқылы 1,6 млрд доллар үнемдеу қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу