АҚШ Делси Родригеске қатысты санкцияларды алып тастады

141

Бұл туралы Kazinform агенттігінің Вашингтондағы тілшісі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

АҚШ Делси Родригеске қатысты санкцияларды алып тастады Фото: РИА Новости

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске салынған санкцияларды ресми түрде алып тастады. 

Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім Вашингтонның Родригесті Венесуэла билігінің заңды өкілі ретінде мойындай бастағанын білдіреді. NBC News дерегіне сәйкес, АҚШ оны құқықтық және дипломатиялық мәселелерде мемлекет басшысы деңгейінде қабылдап отыр.

Санкцияларды жою АҚШ-тың Венесуэладағы уақытша билікпен байланыс орнату әрекеттерінің жалғасы ретінде қарастырылады. Бұл процесс 3 қаңтарда Каракаста президент Николас Мадуро мен оның жұбайының ұсталуынан кейін басталған.

Сонымен қатар, Венесуэланың Жоғарғы соты Мадуроның болмауын "уақытша жағдай" деп танып, Делси Родригесті 90 күнге президент міндетін атқарушы ретінде бекіткен. Қажет болған жағдайда, бұл мерзім билеуші партия бақылауындағы Ұлттық ассамблеяның шешімімен тағы алты айға ұзартылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу