АҚШ демократтары Дональд Трамптың шешіміне қарсы

899

Демократтардың көшбасшысы Чак Шумердің айтуынша, президент өз әкімшілігіндегі былықты жасыру үшін әрі халықтың назарын басқаға аудару үшін бұл жағдайды әдейілеп жасаған.

АҚШ демократтары Дональд Трамптың шешіміне қарсы

АҚШ-та демократтардың көшбасшысы Чак Шумер мен конгрестер палатасының спикері Нэнси Пелоси Ақ үй басшысы Дональд Трамптан шатдаунды тоқтатып, шекарадағы қауіпсіздік мәселесін қайта талқыға салуды талап етті, деп хабарлайды 24.kz.

Шумердің айтуынша, президент өз әкімшілігіндегі былықты жасыру үшін әрі халықтың назарын басқаға аудару үшін бұл жағдайды әдейілеп жасаған.

Естеріңізге салайық, жуырда Дональд Трамп өзінің телеүндеуінде Мексика шекарасындағы дағдарысты ушықтырмау үшін екі ел арасында қоршау тұрғызу керектігін айтқан болатын. Ал бұған демократтар үзілді-кесілді қарсы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу