АҚШ доллары 1 теңгеге арзандады

863

АҚШ доллары 1 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 330,96 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 22 950 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+0 еуроның (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 356,10 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 100 мың еуроны құрады;

- есептесуі еуромен Т+0, Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,5726 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 24 200 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ

долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 331,42 теңгені (-0,45 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 67 000 мың (-8 050 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

 

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +6,5001 % құрады, сауда-саттық көлемі 5 000 мың USD болды.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +6,4752 % құрады, сауда-саттық көлемі 749 300 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 20 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу