АҚШ Доминикан Республикасын алғаш рет ірі келісімге көндірді

Енді АҚШ Кариб теңізі елінің белгілі бір аймақтарына уақытша орналаса алады.  

АҚШ Доминикан Республикасын алғаш рет ірі келісімге көндірді Фото: itwasworthit.ca

Оған Доминикан Республикасының президенті АҚШ әскери күштері Вашингтонға есірткі тасымалымен күресте көмектесу үшін рұқсат берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ел президенті Луис Абинадер Пентагон Сан-Исидро әуе базасы мен Лас-Америкас халықаралық әуежайындағы шектеулі аймақтарды жанармай құю және жабдықтар мен техникалық персоналды тасымалдау үшін пайдалануы мүмкін екенін мәлімдеп отыр. 

Аталған хабарландыру "АҚШ әскери күштерінің Кариб теңізі мен Тынық мұхитының шығысында есірткі контрабандасымен айналысады" деп санайтын кемелерге Пентагонның әскери шабуылдары жалғасып жатқан кезде жасалған. Қыркүйектен бері АҚШ әскери күштері 20-дан аса шабуыл жасап, кемі 83 адамды өлтірген еді. 

Бұл Трамп әкімшілігінің Доминикан Республикасымен қол жеткізген алғашқы ірі әскери келісімі саналады. Кариб теңізі мемлекеті бұл келісімнен не ұтатыны және Пентагонның бұл шектеулі аймақтарда қанша уақыт жұмыс істей алатыны әзірге белгісіз болып тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу