АҚШ экономикасының қарқыны күшейді

924

Вакцинацияның қарқынды түрде жүргізілуі мен шектеу шараларының қысқартылуы көрсеткіштердің өсуіне себеп болған. 

АҚШ экономикасының қарқыны күшейді

Соңғы екі айда Америка Құрама Штаттары экономикасының қарқыны жаңа қызметкерлерді жалдау мәселесі мен елдің бірқатар аймағында бағаның өсуіне қарамастан күшейді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Федералды қор жүйесінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Өсім сәуірдің басы және мамырдың соңы аралығында байқалып отыр. Бұл дерек елдегі өнеркәсіп және бизнес өкілдерінен алынған.

Сарапшылардың айтуынша, вакцинацияның қарқынды түрде жүргізілуі мен шектеу шараларының қысқартылуы көрсеткіштердің өсуіне себеп болған.

Дегенмен жаңа тұрғын үй саласындағы ұсыныс сұранысқа сәйкес келмей отыр. Өндірушілер шикізат жеткізілімінің кейінге қалдырылуына тап болды. Көптеген фирмаларға жаңа қызметкерлерді, әсіресе сағаттық жалақысы төмен жұмысшыларды, жүк көлігі жүргізушілерін және білікті мамандарды жұмысқа тарту қиынға соғуда.

Федералды қор жүйесі әдетте мұндай деректі өзінің кезекті отырысы алдында жариялайды. Келесі кездесу 15-16 маусымда өтуі тиіс.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу