АҚШ экс-президент Болсонаруды Бразилия билігіне беруге дайын екенін мәлімдеді

505

АҚШ билігі Бразилия билігінің бұрынғы президент Жаир Болсонаруды экстрадициялау туралы өтінішін байыпты қабылдап, мұқият қарастырған болар еді, бірақ әзірге Ақ үйге мұндай сұраныс келген жоқ.  

АҚШ экс-президент Болсонаруды Бразилия билігіне беруге дайын екенін мәлімдеді Фото: img4.eadaily.com

Бұл туралы сәрсенбі сайын өтетін тұрақты брифингте Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Менде бұл мәселе жайында сіздерге айтар ешқандай жаңалық жоқ. Мен Бразилия Үкіметінің ақпарат беру немесе экстрадициялау туралы ресми өтініші туралы білмеймін. Әрине, егер мұндай сұрау түссе, біз оған байыпты қарап, әрі қарай ережеге сәйкес шараларды орындайтын едік", — деді ол.

Бұрынғы президенттің жағдайы нашарлап, қазір ол Флоридадағы ауруханалардың бірінде жатқанын еске саламыз.

Журналистердің пікірінше, экс-президенттің денсаулығының нашарлауы 2018 жылы бәз біреудің пышақтағанынан туындаған жарақатпен байланысты болуы мүмкін.

Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонарудың жақтастары 8 қаңтар күні полициямен қақтығысқа түсіп, ел астанасындағы Ұлттық конгресс (парламент) ғимаратына кіргенін хабарлаған болатынбыз. Нәтижесінде наразылық білдірген 1500 адам ұсталды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу