АҚШ енді Иранды басқа бәсекеге ашық шақырды

2026 жылғы әлем чемпионатына Иран құрамасының қатысуын АҚШ футбол федерациясы қолдап отыр. 

АҚШ енді Иранды басқа бәсекеге ашық шақырды Фото: PalSand/Shutterstock

Мұндай мәлімдемені Sky News арнасына берген сұхбатында US Soccer ұйымының бас директоры Джей Ти Бэтсон айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– FIFA президенті Джанни Инфантино демалыс күндері барлық құраманың қатысуымен қауіпсіз әрі сенімді әлем чемпионатын өткізу ниеті бар екенін жеткізді. Біз мұны толықтай қолдаймыз, – деді ол. 

Ұйым директорынан "плей-офф кезеңінде Иран құрамасымен кездесу мүмкін бе?" деген сұрақ қойылған. 

– Біз әлем чемпионаттарында Иранмен бірнеше рет ойнадық. Қарсылас қай команда болса да, біздің мақсат – жеңіс. Біз соған дайынбыз, – деп жауап қатты Джей Ти Бэтсон. 

Еске салайық, 28 ақпан күні АҚШ пен Израильдің Иран аумағына әскери соққы жасап, операция бастағаны хабарланған болатын.

Осыған жауап ретінде Тегеран да Таяу Шығыстағы америкалық әскери нысандарға ауқымды соққы берді.

Испанияның Marca басылымы бұған дейін Иран тарапы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тарту мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазған еді. 

Еске салайық, жаһандық футбол мундиалы 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Иран құрамасы G тобында Бельгия, Египет және Жаңа Зеландия командаларымен бірге ойын өткізуі тиіс. Ол матчтар Лос-Анджелес пен Сиэтл қалаларында ұйымдастырылуы ықтимал. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу