АҚШ Еуропадағы әскерилерінің санын арттырады

642

15 маусымда Джо Байден Украинаға 1 миллиард доллар болатын тағы бір әскери көмек пакеті бөлінетінін жариялады. 

АҚШ Еуропадағы әскерилерінің санын арттырады

АҚШ Президенті Джо Байден альянс саммиті аясында НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесу барысында Америка Құрама Штаттары Еуропадағы әскерилерінің санын арттыратынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Америкалық президент альянс ауада да, құрлықта да, теңізде де қауіп-қатерлерге төтеп бере алуы керектігін атап өтті.

Байден АҚШ-тың Еуропаға F-35 жойғыш ұшақтарының екі қосымша эскадрильясын жіберетінін және Испаниядағы америкалық базада орналасқан жойғыштардың саны алтыға дейін көбейетінін айтты. Сонымен қатар Вашингтон Польшада АҚШ Қарулы Күштерінің 5-ші әскер корпусының штабын орналастырмақ.

15 маусымда АҚШ Президенті Джо Байден Украинаға 1 миллиард доллар болатын тағы бір әскери көмек пакеті, гуманитарлық көмек көрсету үшін 225 миллион доллар бөлінетінін жариялады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу