АҚШ Газа секторына шабуылды қолдап, оны тоқтатпауға шақырды

262

Анклавтағы атысты тоқтатудың орнына гуманитарлық кідірістерді енгізуді және мұқтаж жандарға көмек көрсету ұсынылды. 

АҚШ Газа секторына шабуылды қолдап, оны тоқтатпауға шақырды Фото: ФедералПресс

Ақ үй Газа секторындағы атысты тоқтатқысы келмейді, өйткені қазір кері шегіну Палестинаның ХАМАС қозғалысына жағдай жасау, деді стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестіруші Джон Кирби 30 қазанда өткен брифингте.

"Атысты тоқтату қазір дұрыс шешім болады деп ойламаймыз. Өйткені дәл осы сәтте атысты тоқтату тек ХАМАС-қа пайдалы болар еді деп ойлаймыз", - деді ол.

Кирби анклавтағы атысты тоқтатудың орнына гуманитарлық кідірістерді енгізуді және мұқтаж жандарға көмек көрсетуді ұсынды.

"Локализацияланған гуманитарлық кідірістер белгілі бір топтарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді және сол жерден оңтүстікке қарай аймақтарға барғысы келетін адамдарды эвакуациялауға ықпал етуі мүмкін", — деді Ақ үйдің өкілі.

29 қазанда Америка президенті Джо Байден Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кезекті телефон арқылы сөйлесу барысында анклавқа "гуманитарлық көмек ағынын дереу және айтарлықтай арттыру" қажеттілігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу