АҚШ Иран ядролық келісімі бойынша келіссөз жүргізбек

807

Вашингтон Иранның жаңа басшылығымен келіссөздер жүргізетінін мәлімдеді.

АҚШ Иран ядролық келісімі бойынша келіссөз жүргізбек

АҚШ Иранның ядролық келісімі бойынша келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ақ үй баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақ үйдің ресми өкілі Жан-Пьердің айтуынша, Тегеранда президенттік билікті беру процесі аяқталғаннан кейін, АҚШ Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын орындауға кіріседі.

"Біз әлі де келісімді сақтауға мүдделіміз. Бірақ АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен айтқандай, бұл ұсыныстың мерзімі шеутеулі",– деді Жан-Пьер.

20 маусымда Венада бірлескен іс-қимыл жоспарын толық қалпына келтіру туралы келіссөздердің алтыншы раунды аяқталды. Яғни бұл АҚШ-тың осы келісімге қайта оралуын білдіреді. Кейін Вашингтон Иранның жаңа басшылығымен келіссөздер жүргізетінін мәлімдеді.

Ескере кететін жайт, Иранның жаңа президентін ұлықтау рәсімі 5 тамызға белгіленді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу