АҚШ Иранға мұнай сатуға уақытша рұқсат берді

561

Лицензия 60 күнге жарамды.  

АҚШ Иранға мұнай сатуға уақытша рұқсат берді Фото: marketwatch.com

АҚШ Қаржы министрлігі Иран мұнайын өндіруге, тасымалдауға және сатуға рұқсат беретін 60 күндік уақытша лицензия шығарды. Бұл туралы елдің Қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) жариялаған құжатқа сәйкес, лицензия 2026 жылғы 21 тамызға дейін жарамды. Құжат Иран мұнайы мен мұнай-химия өнімдерін АҚШ-қа импорттауға рұқсат береді. Сонымен қатар тиісті рұқсат АҚШ санкциясына іліккен кемелердің қатысуымен жүзеге асатын операцияларға да қатысты екені айтылған.

Төлемдерді АҚШ долларымен жүргізуге мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ оны Иранның өзіне, ел үкіметіне немесе санкция салынған басқа тұлғаларға да аударылуына рұқсат етіледі. Десек те, лицензия Солтүстік Корея, Куба және Ресей басып алған Украина аумақтарымен байланысты операцияларға қолданылмайды. Құжат басқа қолданыстағы шектеулердің күшін жоймайтыны да белгілі болды.

"Швейцарияда келіссөздер нәтижелі жүріп жатқандықтан, Иран Ормуз бұғазы арқылы еркін транзитті қамтамасыз етуге әрі МАГАТЭ инспекторларын елге кіргізуге міндеттелді", – деп жазды Қаржы министрі Скотт Бессент X әлеуметтік желісінде.

Бірақ Қатар мен Пәкістанның бірлескен мәлімдемесінде тиісті міндеттеме туралы тікелей мәлімет келтірілмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу