АҚШ Иранның 1 миллиард доллар активіне санкция салды

836

Ақүй экономикалық қысым жасау арқылы Теһранның ядролық қарудан бас тартқанын қалайды. 

АҚШ Иранның 1 миллиард доллар активіне санкция салды

Ұлттар ұйымының тараптарды бітімге келуге шақырғанына қарамастан, күні кеше Трамп Иранға шабуыл жасау үшін Конгрестен рұқсат сұрамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Сонымен қатар бүгін Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зарифке қарсы санкция салынатыны белгілі болды. Оған қоса осы елдің млрд доллар активі бұғатталды. Ақүй экономикалық қысым жасау арқылы Теһранның ядролық қарудан бас тартқанын қалайды. Егер Рухани бастаған билік ымыраға келсе, Трамп Иранның қайта гүлденетініне кепілдік беретінін айтты. 

"Президенттің ұстанымы айқын. Егер олар ұсыныс жасаса, шектеулерді алып тастап, келіссөз жүргізуге дайынбыз. Сондықтан, дәл қазіргі кезде бұл санкциялардың тиімділігі жоғары болар деп санаймын",– дейді АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу