АҚШ Иранның ядролық бағдарламасы туралы ақпарат үшін 20 млн доллар ұсынды

314

Бұл бастама "Әділдік үшін сыйақы" бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

АҚШ Иранның ядролық бағдарламасы туралы ақпарат үшін 20 млн доллар ұсынды Фото: BILD

АҚШ Мемлекеттік департаменті Иранның ядролық бағдарламасына қатысты құнды ақпарат берген адамдарға 20 миллион долларға дейін сыйақы төлеуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD басылымына сілтеме жасап.

АҚШ тарапы ядролық нысандар, арнайы жабдықтар мен осы бағдарламаға қатысы бар мамандар, соның ішінде ғалымдар туралы мәліметтер алуға мүдделі. Сондай-ақ америкалық арнайы қызметтер АҚШ-тың әуе соққыларынан кейін жабдықтар мен мамандардың қайда көшірілгенін анықтағысы келеді.

Ақпаратты Signal мессенджері арқылы немесе Мемлекеттік департаменттің арнайы анонимді онлайн арнасы арқылы жіберуге болады. Сыйақыдан бөлек, қажет болған жағдайда ақпарат берушілерге басқа елге қоныс аударуға көмектесу де қарастырылған.

АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл бастаманы Иранның ядролық бағдарламасының қазіргі жағдайы туралы нақты мәліметтердің жеткіліксіздігімен түсіндірді. Тегеранның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) алдындағы міндеттемелерін орындамауына байланысты инспекторлар Иранның ядролық қызметін, соның ішінде негізгі компоненттердің өндірісі мен қорын бақылау мүмкіндігінен айырылған.

Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, Иран уранды 60 пайызға дейін байытқан. Ал ядролық қару жасау үшін оны шамамен 90 пайызға дейін байыту қажет. Сарапшылардың бағалауынша, елдегі қазіргі уран қоры қосымша байытылған жағдайда бірнеше ядролық оқтұмсық жасауға жетуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу