АҚШ италиялық макарон өндірушілерді қуантатын жаңалық жариялады

167

Импортталатын жиһазға қатысты тарифтер 2027 жылдан бастап көтеріледі. 

АҚШ италиялық макарон өндірушілерді қуантатын жаңалық жариялады Фото: ТАСС

АҚШ президенті Дональд Трамп импортталатын жиһаз бен макарон өнімдеріне қатысты тарифті жеңілдетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

АҚШ бұған дейін өте жоғары болып келген баждық салықты бірнеше италиялық макарон өндірушілері үшін төмендеткен. Белгілі болғандай, олардың америкалық нарықтағы қызметіне қайта бағалау жүргізілген. Вашингтон La Molisana және Garofalo компанияларын демпингке қатысты айыптап, оларға салынатын бажды 90 пайыздан жоғарылатуға уәде берген.

АҚШ италиялық макарон өндірушілері үшін ең маңызды экспорт нарығы болып саналады. 2024 жылы олардың Америкаға экспорты 671 млн евроға жуықтаған. Бұл – Италияның макарон өнімдерінің жалпы экспорт көлемінің шамамен 17 пайызы. Рим осыған байланысты Ақ үймен келіссөздер жүргізген.

АҚШ-қа жеткізілетін жиһазға қатысты жоғары баж салығын енгізу бір жылға кейінге қалдырылды. Осылайша Вашингтон белгілі бір ағаштан жасалған бұйымдарға, ас үй шкафтары мен тумбаларға 25 пайыздық тарифті сақтап отыр. Бұған дейін оларды 30-50 пайыз деңгейінде белгілеу жоспарланған еді.

"АҚШ саудадағы теңгерім мен ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешу үшін сауда серіктестерімен өнімді келіссөздерді жалғастырып келеді.  Олардың қатарында ағаш өнімдерін импорттау мәселесі де бар", – делінген Ақ үй таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу