Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің ұйымдастыруымен ҚМДБ делегациясы рухани кездесулер өткізбекші, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ұстаз Арман Қуанышбаев пен Батыржан Мансұров қатысады.
Алғашқы жиын АҚШ астанасы Вашингтон қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Кездесу мақсаты – АҚШ-тағы қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттеріне рухани және мәдени қолдау көрсету.
Кездесулер өтетін қалалардың тізімі төмендегідей:
- 27 қаңтар – Вашингтон;
- 29 қаңтар – Нью-Йорк;
- 30 қаңтар – Чикаго;
- 31 қаңтар – Хьюстон;
- 1 ақпан – Сан-Франциско
"АҚШ-тағы барша отандастарымызды осы рухани кездесуге шақырамыз. Кездесу өтетін орын мен уақыты қосымша хабарланады", – делінген ҚМДБ хабарламасында.