АҚШ Қаржы министрлігі қазақстандық "Альфа-Банкті" санкциядан босатты

499

Қазір Альфа-банк Eco Center Bank брендімен жұмыс істейді.

АҚШ Қаржы министрлігі қазақстандық "Альфа-Банкті" санкциядан босатты

"Альфа-Банк" (Қазақстан) Ресейдегі бас банкімен бірге санкциялар (SDN List) тізіміне сәуір айында кірді. Осыдан кейін-ақ олар меншік иесін ауыстыруды жоспарлап, бірнеше инвестормен келіссөздер жүргізуді бастаған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Интерфаксқа" сілтеме жасай отырып.

Мамырдың басында банкті жергілікті ойыншы – "ЦентрКредит" сатып алды. Сол кезде ребрендинг процесі басталды, қазір Альфа-банк Eco Center Bank брендімен жұмыс істейді. Активтерін, екі банкті біріктіру үшін, "Банк ЦентрКредит" компаниясына тапсырады.

"ЦентрКредит" 1988 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазақстанда кең тараған филиалдық желісі бар. Заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Негізгі акционерлер – директорлар кеңесінің басшысы Бақытбек Байсейітов (40,1%) және директорлар кеңесінің мүшесі Владислав Ли (9,2%). Қазақстан Ұлттық Банкінің деректері бойынша, 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ЦКБ мен "Eco Center Bank" АҚ активтер мөлшері бойынша қазақстандық 22 банктің арасында тиісінше 7-ші және 11-орындарды иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу