АҚШ Қазақстан егін алқаптары туралы соңғы мәліметтерін жариялайды деп күтуде

1306

АҚШ Қазақстан егін алқаптары туралы соңғы мәліметтерін жариялайды деп күтуде

АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы бидай өндірісі болжамын өсірді, делінген оның тамыз айындағы әлемдік ауыл шаруашылығы өндірісі бойынша баяндамасында. Бұл туралы kaztag.info хабарлайды.

"Қазақстанда бидай өндірісі 2017/2018 жылдары 14 млн метрикалық тонна ретінде бағалануда, өткен айдағы көрсеткіштен 1 млн тоннаға аз, алайда өткен жылмен салыстырғанда  1 млн тоннаға көп", - деп көрсетілген жарияланған құжатта. 
"Айлық көрсеткішті арттыру өндірістік аймақтағы өсіру қарқынына негізделген. Өнімділік гектарынан  1,22 метрикалық тонна деңгейінде бағалануда, бұл өткен айдан 8%-ға көп, ал өткен жылдың  деңгейінен азын аулақ көп және соңғы 5 жылдағы орташа деңгейден 14%-ға жоғары", - деп түсіндірілген мәтінде. 

Аталып өткендей, Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі бидай өндірісі – мемлекеттің негізгі өндірістік аймағында, өсу мерзімі кезінде өте қолайлы болды. Бұл мемлекет бойынша бидай түсімінің 95%-ға жуық үлесі тиесілі  жаздық бидайдың жоғары өнімділігін көрсетеді. Өнімді жинау тамыз аяғының соңында немесе қыркүйекте жүргізіледі. 
2016/2017 жылы бидайдың егін алқабы алғаш рет 7 жылда мемлекеттік субсидияны уақытша алып тастауға байланысты артты, ол өз кезегінде фермерлерді майлы дәнді дақылдар алқабын арттырып, бидай алқабын азайтуға итермеледі. Субсидиялар 2017/2018 жылдың егін егу науқанына дейін қайта қалпына келтірілді, және министрлікте бидай алқабының азаюы жалғаса береді деп күтілуде. 
АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның статагенттігі егін алқаптары туралы соңғы мәліметтерді тамыз айының соңына дейін жариялайды деп күтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу