АҚШ Қазақстанға лабораториялық материалдар мен жабдықтар жеткізді

671

АҚШ Жергілікті денсаулық сақтау тұрақтылығы жобасы аясында қажетті зертханалық материалдарды жеткізуді жалғастырмақ. 

АҚШ Қазақстанға лабораториялық материалдар мен жабдықтар жеткізді

АҚШ COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларды қолдау үшін Қазақстанға қажетті зертханалық жабдықтар мен материалдардың жеткізді. Бұл туралы АҚШ елшілігінің ресми сайтында хабарланды.

АҚШ Халықаралық Даму Агенттігінің (USAID) көмегімен жеткізілген көмек көлемі 300 000 АҚШ долларын құрайды.

"Вирустың таралуын тоқтату үшін COVID-19-ды дәл және жылдам тексеруге қол жетімділік өте маңызды. Біз Қазақстандағы әрбір адамның өмірі мен денсаулығын қорғау үшін Қазақстан үкіметімен тығыз қарым-қатынас жасаймыз", – деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер. 

АҚШ Жергілікті денсаулық сақтау тұрақтылығы жобасы аясында қажетті зертханалық материалдарды жеткізуді жалғастырмақ. Құны 2 миллион АҚШ долларынан асатын қосымша зертханалық материалдар 2020 жылдың шілде-қыркүйек айларында жеткізіледі деп жоспарланып  отыр. Қазақстанның Ұлттық стратегиялық даярлығы мен әрекет ету жоспарына сәйкес USAID Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы өкілдерімен серіктестікте қажетті материалдар мен жабдықтар тізімін анықтайды.

АҚШ үкіметі Қазақстандағы COVID-19 індетіне қарсы көмек көрсету үшін 5,7 миллион АҚШ долларынан астам қаражат бөлді. Қазіргі таңдағы денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы стратегияларына негізделіп, бұл көмек Қазақстандағы індеттің алдын алу, оны анықтау және емдеу бойынша шұғыл шараларды қолдауға бағытталған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу